Mazhab.kz діни-танымдық порталы іске қосылды!
Баршамызды жоқтан бар етіп жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ-мақтаулар болсын! Алланың аманатын бізге жеткізіп, хақ дінді үйреткен соңғы елші Мұхаммед пайғамбарымызға сансыз салауат-сәлемдерімізді жолдаймыз. Бүгінгі таңда жер беті мұсылмандарының тең жартысына жуығы дін Исламның Ханафи мәзһабын ұстанатыны мәлім. Біздің де ата-бабамыз сан ғасырдан бері осы мәзһабты ұстанып, өміріне тірек етіп келгені көзі қарақты қауымға аян. Алайда соңғы кездерде Құран мен Хадис тұрғанда мәзһабтың не қажеті бар? Аят-хадиспен жүрсек те жетпей ме деген секілді асығыс айтыла салған сөздерді есітіп те, оқып та...